Баға тізімдері
Екі филиал бойынша өзекті бағалар. Файлдар үнемі жаңартылады. Тұрақты клиенттер үшін жеке шарттар қолданылады.
Өнім туралы
Периодты профильді арматура – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының негізгі элементі. Ол орталық оське бұрыш жасай біркелкі орналасқан орақ тәрізді көлденең шығыңқылармен ерекшеленеді, бұл шығыңқылар бетонмен жоғары адгезияны қамтамасыз етеді. Конструкцияларды күшейту (арматуралау), оларға қосымша қасиеттер беру, сыртқы және ішкі, статикалық және динамикалық түрлі жүктемелерге төзімділігін арттыру үшін қолданылады.
Әр бумада ұзындығы 2-ден 12 м-ге дейінгі арматура болады, ұзындығы 6–12 м шыбықтар бума салмағының 70%-ына дейін құрайды.
Буманың салмағы 1,5–6 тонна.
Сұрақтар мен жауаптар
Жауап таппадыңыз ба – филиалға қоңырау шалыңыз немесе өтінім қалдырыңыз, менеджер қайта хабарласады.
Арматура — темірбетонды арматуралауға арналған болат шыбық (тегіс немесе бүдірлі): ол бетонға салынып, конструкцияға беріктік пен жүктемелерге төзімділік береді.